«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жол бойы сервисі

2015 жылғы 17 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
16546 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында бизнес-вумен жол бойы сервисі саласындағы қызметтерді көрсетуге 3 миллион теңге көлеміндегі кредит алды.  

Ирина Павлова кәсіпкерлік қызметпен 10 жылдан бері айналысып келеді. Дүкені бар. Оны былтыр модернизациялап, жабдықтап қойған. Валюта ауытқуларына қарамастан, бизнес-вумен өзінің тұрақты клиенттерін ұстап қала алды. Оған таңқалуға болмайды, себебі ЖК негізгі қағидаты – бұл бәсекеге қабілеттілік және өнім сапасы, сұрыпталымның сан-алуандығы және қолжетімді баға. Тұрғындар «Пятерочка» дүкенін осы үшін де бағалайды.

Бизнесті 10 жыл бойы табыспен жүргізу Ирина Владимировнаның қызмет саласын кеңейтудің уақыты келгеніне деген сенімін нығайтты. Сөйтіп, кәсіпкер ханымның жол бойы сервисі саласында қызмет көрсетумен айналысуды ойластыруы шындыққа айнала бастады. Ол шина монтаждау шеберханасы, автомобильдерді қарау бекеті мен май айырбастайтын орны бар станция ашуға бел буады. Бұл іс оған таныс болғандықтан, кәсіпкер СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мағжан Жұмабаев ауданындағы филиалына көмек сұрап жүгінеді.

«Біз Ирина Владимировнаның идеясына талдау жасап, барлық жағымды және жағымсыз тұстарды есептеп шықтық. «Петропавл-Омбы» трассасынан өтетіндердің көптігін әрі жолдың осы бөлігінде аталмыш қызмет түрін көрсететін әлеуетті бәсекелестердің жоқтығын ескере отырып, сонымен қатар ЖК қаржылай мүмкіндіктері мен қолда бар активтерін назарға алып, оған кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары түсіндірілді. Ирина Павлова жобаны жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын қолдануға шешім қабылдады және 3 млн теңге көлемінде кредит алған ол қателеспеген еді», - дейді Палатаның жергілікті филиалының директоры Нұржанат Шәрімов.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы консультанттары бағдарламаға қатысуға қажет құжаттарды жинауға жәрдем көрсетті. Сонымен бірге жер телімі мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, сатылып алынған жайды қайта қалпына келтіруге ұқсат алу және басқалары сияқты барлық рұқсат процедураларын ресімдеу жұмысы жүріп жатты.

Қазір «Павлова И.В.» ЖК қажет жабдықтардың бір бөлігін сатып алып қойды. Монтаждау жұмыстары қарқынмен жүруде. Станцияны ашу үстіміздегі жылдың 1 қазанына жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер