«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Неліктен субсидия жоқ?

2015 жылғы 17 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
13916 просмотров

Жолаушыларды тасымалдаушылар жергілікті бюджеттен субсидия алмаған. Істің ақ-қарасын анықтауға өңірлік Палата көмектесті

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Айыртау ауданы филиалы жүргізген тасымалдаушылар арасындағы сауалнама нәтижелері мемлекет тарапынан жасалатын қаржылай қолдаудың мұндай түрі жайлы олардың ешқайсысы хабардар еместігін көрсетті.

Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша Кәсіпкерлікті қолдау орталығында автотасымалдаулар саласында еңбек ететін жеке кәсіпкерлер мен мүдделі мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Тараптар ашық пікірталас ауанында басқа да толғақты мәселелерді ортаға салды. Олардың арасында заңсыз тасымалдаушылардың жолаушылар тасымалын заңсыз іске асыруы, жолаушыларды тасымалдаудағы белгіленген тарифті көтеру және басқалары талқыланды. Жол-патруль полициясы рейд қорытындылары жайлы ақпарат берді. Рейд барысында бағыттарда заңсыз шаруашылық етуші таксистер мен арнайы нысанадағы автобустар жүргізушілеріне ескертулер жазылған. Осылайша, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қатаң түрде құқықтық алаңда әрекет ету нұсқалды.

Кездесуде комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына өңірлік Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де кіреді. Комиссия жолаушылар тасымалына белгіленген тарифтерді көтеру мәселесін қарайды.

Осылайша, автотасымалдау саласында еңбек етуші кәсіпкерлер қызметі «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау ережесімен» сәйкестікке келтіріледі. Бұл олардың шығындарының орнын толтыру механизмін жөнге салуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер