«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес жұмыспен қамту жолы ретінде

2015 жылғы 28 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
14634 просмотров

Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығында алған консультация жұмыссыздың кредит алып, жеке ісін бастауына мүмкіндік берді

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында әрекет етуші және ісін бастаушы кәсіпкерлер арасында шағын және орта бизнесті қолдаудың «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы танымалдануда. Сонымен бірге мал шаруашылығын дамыту бұрынғыша басымдылықты бағыт болып қала береді.

Осы жылдың көктемінде Есіл ауданының Кәсіпкерлікті қолдау орталығына Кенбай Тұрдымұратов жүгінді. Болашақ кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуға кредит алу мәселесіне қызығушылық танытты.

«Консультанттарымыздан қажет ақпаратты алған  Кенбай Кеңесұлы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысуға бел буады. Ол бойынша 18 айға дейін жас малды өсіруге кететін жеңілдікті кезең беріледі. Ол мамыр айында «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқу оқып, ЖК мәртебесінде кәсіпорын ашады. КҚКО консультанттары барлық қажет құжаттарды жинауға жәрдем көрсетеді», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы Есіл ауданы филиалының директоры Серік Базарбаев.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға құжат ұсынған ісін бастаушы кәсіпкер 1 миллион теңге мөлшерінде қаржыландыруға мақұлдау алады. «Тұрдымұратов К.К.» ЖК алған қарызына 3 ай ішінде 20 бас ұсақ мал мен үш бас ірі қара және жем-шөп алуды жоспарлап отыр.   

Кенбай Кеңесұлы КҚКО консультанттарына жеңілдікті кредит алуға және мал басын көбейтуге көрсеткен жәрдемі үшін алғыс білдірді.   

Бір айта кететіні, Есіл ауданының 11 кәсіпкері КҚКО қызметтерін пайдаланып жылдық 6%-бен жалпы 18,1 млн теңге сомасына жеңілдікті кредит алды. Оның ішінде 9 кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуға. Қазірде жалпы сомасы 10,5 млн теңгеден астам қаржыға төрт жоба жүзеге асыру сатысында жатыр.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімдік курстардан өткен 29 есілдік кәсіпкерлер арасынан 14 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кредит алуға өтінім берді. барлық ісін бастаушы кәсіпкерлер Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялар алып, бизнес ашу әрі жүргізуге қатысты сұрақтарына жауап алды. 13 адам консультация алғаннан кейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер