«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жедел қимыл

2015 жылғы 28 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
14282 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Тимирязев ауданының филиалы және аудандық прокуратура электр энергиясының заңсыз өшірілуіне жол бермеді

Прокурорлары мен Палата сарапшыларының мобильдік тобы бизнесвумен мен энергетиктердің қақтығысын жедел түрде шешіп берді. Палатаның жергілікті филиалына жеке кәсіпкер Юлия Садоведова «СевКазЭнерго» ЖШС-мен қарым-қатынас процесінде туындаған жағдайды шешуді сұрап жүгінді.

«24 шілдеде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазбаша түрде хабарлаусыз Ю.А.Садоведова жеке кәсіпкерлігіне электр энергиясын беруді тоқтатады. Сөндіруге өткен айда электр энергиясына толық төлем жасалмауы себеп болған. Юлия Александровна 50 мың теңге төлеген, ал қалдығы 12 мыңды құраған. Оны сол күннің бірінші жартысында төлемекші болады. Сонымен бірге төлем мерзімінің мерзімі аудандық өкілмен келісілгенін атап өту керек», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті филиалының директоры Александр Гурьянов.

Сол күні тоңазытқышта 1 млн теңгенің өнімі тұрған еді. Бизнесвумен электр энергиясын алып тастаудың салдары қандай боларын сезіп, бірден палата филиалына жүгінеді. Палата мен аудандық прокуратура өкілдері «мобильдік топ» жұмысының аясында энергиямен жабдықтаушы ұйымның аудандық өкілдігіне барады. Әңгімелесіп, істің анық-қанығына жеткен соң, Юлия Садоведованың кәсіпорны электр энергиясына қосылады.

«Бұзу энергиямен жабдықтаушы ұйымның аудандық өкілдігі қызметкерлерінің ҚР Энергетика министрі Бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын қолдану ережесінің 51 тармағында көзделген әрекетті орындамауының нәтижесінде орын алған. Аталмыш тармаққа сәйкес энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жеткізуді тоқтатуға кем дегенде үш күн қалғанда тұтынушыға ескертіп, ал электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін қолданатын тұтынушыға кем дегенде 30 күн қалғанда ескертіп, электр энергиясын беруді тоқтатады немесе шектейді», - деп баса айтты Александр Гурьянов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер