«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеке бизнес ашатын уақыт жетті!

2015 жылғы 02 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
14234 просмотров

Петропавлда прокуратураның осындай атаумен Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік басқармасы және Кәсіпкерлер палатасымен бірге ұйымдастырған акциясы бастау алды

Акция аясында ісін бастаушы және әрекет етіп жүрген кәсіпкерлер үшін оқыту семинары ұйымдастырылып, семинар барысында бизнесті ұйымдастыру және дамыту бойынша консультациялар берілді, әрекеттегі заңнама нормалары түсіндірілді және кәсіпкерлердің ойындағы барлық сауалдарға жауап берілді.

«Бүгінгі таңда кәсіпкерлікте орын алып жатқан түйткілдердің көпшілігі бізге белгілі және бизнестің дамуына бөгет жасаушы кедергілердің барлығын жою үшін белсене жұмыс жасап жатырмыз. Кәсіпкерлік қызметті айтарлықтай дәрежеде жақсарта алатын және жалпы бизнес-климаттың қолайлы қалыптасуына бағытталған жаңа нормаларды ұсына отырып, нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгіземіз», - деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Искаков.

Әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкерлер семинарында бизнесті табыспен жүргізу дағдылары үйретілді, кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың әрекеттегі құралдары жайлы ақпарат берілді және тексерістер жайлы білуге тиіс тұстар сөз болды. Сонымен бірге көшеде, арнайы орнатылған шатырларда кәсіпкерлер кез-келген мемлекеттік орган, даму институттары мен Кәсіпкерлер палатасы өкілдеріне көкейінде жүрген сауалын қою мүмкіндігіне ие болды.

Бір айта кететіні, СҚО Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының өзіне консультация алу үшін 11 әлеуетті бизнесмен жүгінген. Олар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыру, кредит алу және бизнес-жоспар жазуда көмек алу жағын сұрастырды.

Акцияға қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараға риза болды. Олардың айтуынша, бүгінде бизнес өзін жайлы сезінеді, себебі елімізде оның дамуына бар жағдай жасалған – қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар әрекет етеді, жаңа қорғау механизмдері жасалған, оларды жасауға Кәсіпкерлер палатасы да ат салысқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер