«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Заңсыз тариф» үшін кәсіпкерлерге 40 млн теңге қайтарылды

2018 жылғы 15 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
3430 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында энергетиктер өңірдегі 903 жеке кәсіпкерге қайта есептеу жүргізді

Кәсіпкерлер палатасы, прокуратура және Табиғи монополияны реттеу комитетінің облыстық департаментінің бірлесе күш салуымен тарифке қатысты тағы бір мәселе шешілді. Бұл мәселе тарифті тәуліктегі күн мен түнге бөлуді алып тастау туралы заң қабылдағаннан кейін туындаған.

«Былтыр 1 қыркүйектен тарифті тәуліктегі күн мен түнге қарай бөліп есептеуді алып тастаған соң «Севказэнергосбыт» ЖШС жеке кәсіпкерлерге жеке тұлға ретінде шот бере бастады. Атап айтқанда олардың қолдану көлеміне байланысты шығын айтарлықтай өсіп, Жеке кәсіпкерлерді заңды тұлғалармен салыстырғанда тең емес жағдайға қойды. Оның үстіне жеке кәсіпкерлер 1 қыркүйекке дейін заңды тұлғалар секілді тәулік зонасына қарай бөлінген тарифпен төлеп келген. Алайда 1 қыркүйектен соң оларды жеке тұлғалардың тарифімен төлеуге міндеттеген, бұл ең алдымен заңды тұлғаларға қолданатын тарифтен көп болды», - деп баяндады СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Нәтижесінде жеке кәсіпкерлер үшін электр энегиясы төрт жарым теңгеден 20 теңгеге дейін көтерілген. Ал ірі компаниялар үшін тариф 15 теңге болатын. Жеңіс Қазиев атап өткендей, аталған жағдай тең емес бәсекелестікке алып келді, сондай-ақ шағын бизнестің шығынын артытрып, дайын өнімнің өзіндік құнын өсірген.

«Мұндай тәсіл негізінен әділдік пен шындық орындылықтың қағидасына қайшы келіп, нарықта кәсіпкерлікті дамуына кері әсер етті. Сондықтан осы мәселені көтеріп, прокуратура мен департаменттің назарын аудардық. Өңірде бизнесті дамытудың жағымды ортасы мен тең мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тариф есептеудегі түрлі әдістерді алып тастау, бәсекелестікті шектейтін және тұтынушылардың заңды мүддесі мен құқығына залал келтіретін әрекеттерге жол бермеу мақсатында Палата облыстық Прокуратурамен бірлесіп талдау жүргізіп, нәтижесінде прокурорлық әсер ету актісі толтырылды», - деді Жеңіс Қазиев.

Кәсіпкерлер палатасының шағымынан кейін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті энергетиктердің әрекетін заңсыз деп танып, 14 ақпанда хабарлама шығарды. 1 наурыздан бастап компанияларға қайта есептеу жүргізілді. Жалпы алғанда 900 кәсіпкерге 40 млн теңге қайтарылды.

«Биыл 1 наурыздан бастап «Севказэнергосбыт» ЖШС хабарламаның орындалу туралы ақпарат берді. 903 жеке кәсіпкерге 40 млн теңге сомасында қайта есептеу жүргізілген. Алдағы уақытта дұрыс тариф қолданылады, яғни заңды тұлғаларға арналған орташа-өткізу тарифінің тобына жеке кәсіпкерлер де енеді», - деп ақпарат берді Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің өкілі Наталья Шаяхметова.

Еске салсақ, электр энергиясы тарифінің жоғарылығынан Солтүстік Қазақстан облыстындағы кәсіпкерлердің көбі өндірісті қысқартуға мәжбүр болған. Әсіресе нан пісіру және ұн тарту бизнесіне ауыр тиді. Осы салада қызмет атқаратын кәсіпкерлердің жарық үшін төлейтін сомасы бірнеше миллионға дейін өскен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер