«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Күзет бекетіне ие болу құқығы

2016 жылғы 07 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
6848 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мұрагерлікпен келген нысанды заңдастыруға көмек берді

«Данто» шаруа қожалығының басшысы Еркен Қанапьянов қайтыс болған соң, оның қожалығына жұбайы Толқын Жанатайқызы ие болып қалған. ШҚ айналысатын негізгі қызмет түрі – өсімдік өсіру. Еркен Ойратұлы көзі тірісінде, 2012 жылы, өз қаражатына күзет бекетін салған. Күзет бекетін салу мен қызмет көрсетуге арналған нысаналы мақсаттағы жер телімінің мұрагері құқығына ие болған Толқын Жанатайқызы жұбайы науқас болғандықтан, оны пайдалануға беріп үлгермегенін біледі, – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы филиалының директоры Марат Ахметов. – Жұбайы аяқтай алмаған істі соңына жеткізу үшін, ол аудандық әкімдікке барып жүгінеді. Алайда Толқын Канапянованың жер теліміне меншік құқығы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен кейін тіркелгеніне байланысты комиссия жылжымайтын мүлікті заңдастыруға рұқсат бермеген.

Мәселесін шеше алмаған Толқын Жанатайқызы соңғы инстанция ретінде Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына барып жүгінеді.

Бизнесвумен өтінішін КҚО кеңесші менеджері Ақторғай Әділова қарап, күзет бекетінің құжаттарын рәсімдеу кезінде көмегін аямады. Палата филиалы сотқа беруге қажетті құжаттар пакетін даярлап, шағым өтінішті жазуда, сотта кәсіпкер мүддесін қорғау кезінде көмек көрсетті.

Айта кету керек, сот Толқын Қанапянованың арыз-талабын қанағаттандырды, осылайша салынған күзет бекетіне ие болу құқығы кәсіпкерге берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер